Біз — Orzax компаниясымыз.

Orzax компаниясында денсаулық көзге көрінбейтін жерден — әр жасушаның ішінен басталады деп сенеміз.

Өмір жасушадан басталады. Оның негізгі энергия көзі — митохондриялар.

Митохондриялар — анамыздан алатын алғашқы өмір сыйы. Олар бізге энергия беріп, қимылдауға және күн сайын ағзамыздың саулығын сақтауға көмектеседі.

Бізді шабыттандыратын да — осы ой.

30 жылдан астам уақыт бойы ғылымға, білімге және тәжірибеге сүйеніп өнімдер жасап келеміз. Жолымыз фармацевт, дәрігер және инженер болған ағайынды үш жігіттен басталды. Оларды адамдардың дені сау әрі бақытты өмір сүруіне көмектесу мақсаты біріктірді.

Бүгінде жасуша саулығын қолдауға, өмір сапасын арттыруға және кез келген жаста белсенді болуға көмектесетін өнімдер әзірлейміз.

Әр Orzax өнімі ғылыми зерттеулерге, жоғары сапаға және адамға деген қамқорлыққа негізделеді.

Әр жасушаға қамқорлық жасау ұзақ, дені сау әрі бақытты өмірге бастайды деп сенеміз.

Митохондриясыз өмір жоқ.

Orzax — өмір қуаты мен денсаулыққа арналған сый.

Біздің жолымыз

Дамуымыздың маңызды кезеңдері

Тарихымызды, өсу жолымызды және сапаға адалдығымызды көрсететін маңызды оқиғалардың қысқаша шежіресі.

2004

Үлкен мақсаттан басталған жол

Фармацевтер, дәрігерлер және инженерлер болған құрылтайшыларымыздың жетекшілігімен адамдардың өмір сапасын жақсартуды мақсат етіп, жұмысымызды бастадық.

Алғашқы күннен мықты бренд құрып, халықаралық нарыққа шығуға берік негіз қалауға ұмтылдық.

2013

Өз өндірісіміздің құрылуы

Nuvita İlaç компаниясы құрылғаннан кейін өндірісті өз кәсіпорнымызға көшірдік. Бұл сапа мен өндіріс процестерін бақылауды күшейтті.

Бүгінде кәсіпорнымыз халықаралық GMP, ISO 9001, ISO 22000 және HACCP стандарттарына сай келеді және Түркиядағы ірі тағамдық қоспа өндірушілердің қатарына кіреді.

2019

Түркиядағы жетекші тағамдық қоспалар бренді

Түркияның тағамдық қоспалар нарығында көшбасшы болып, өз санатымыздағы ең көп таңдалатын брендтердің біріне айналдық.

Бұл жетістікке кең өнім таңдауы, сапаға басымдық беру және тұтынушылардың қажеттілігін терең түсіну арқылы жеттік.

Көшбасшылығымыз — жылдар бойы нығайған сенімнің және мықты бренд құру жолындағы еңбегіміздің нәтижесі.

2021

Халықаралық дамуға алғашқы қадамдар

Ұлыбритания мен АҚШ-та компаниялар ашу халықаралық дамуымыздың маңызды кезеңі болды.

Бұл қадамдар жаңа нарықтарды, тұтынушылардың қажеттіліктері мен сатып алу әдеттерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

Жаңа елдерге шығу тәжірибемізді, халықаралық көзқарасымызды және брендіміздің мүмкіндігін кеңейтті.

2023

Еуропадағы қызметімізді нығайту

Еуропадағы жұмысымызды күшейту үшін Германияда компания құруды аяқтадық.

Жаңа өкілдіктер халықаралық желімізді кеңейтіп, әр елдегі тұтынушылардың сұранысын, нарықтағы өзгерістерді және денсаулық саласындағы үрдістерді жақынырақ бақылауға мүмкіндік берді.

Еуропадағы өсу брендіміздің халықаралық деңгейдегі беделі мен ықпалын арттырды.

2024

Халықаралық желімізді нығайттық

Қазақстан мен Польшада Orzax компанияларын ашып, Еуропа мен Орталық Азиядағы қызметімізді кеңейттік.

Жаңа өкілдіктер әр нарықтағы тұтынушылардың қажеттіліктері мен аймақтық ерекшеліктерді жақынырақ зерттеуге мүмкіндік берді.

Бұл даму экспорт мүмкіндіктерімізді арттырып, брендіміздің халықаралық нарықтағы орнын нығайтты.

2025

Әлемдік нарықтағы орнымыз нығая түсті

2025 жылы шетелде жаңа өкілдіктер ашып, халықаралық қызметімізді кеңейтуді жалғастырдық. Қазақстанда Orzax Central Asia компаниясының құрылуы және Орталық Азиядағы өндірістік-логистикалық орталықтың іске қосылуы аймақтағы жұмысымызды нығайтты. Бұл қадам Орталық Азия мен түркі әлемі елдеріндегі брендтің өсуіне қолдау болды.

Ішкі нарықта өнім түрлерін көбейтіп, оларды көбірек тұтынушыға қолжетімді еттік. Сонымен бірге Түркияның тағамдық қоспалар нарығында жетінші жыл қатарынан көшбасшылықты сақтап, брендіміздің тұрақтылығын көрсеттік.


Orzax даму тарихы